2016 жылғы 19 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасының кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №4640 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сһіnа Railway Аsіа-Еurоре Construction Investment Со., Ltd», «Веijing State-Owned Assets Маnаgement Со., Ltd», «Сһіnа Railway No.2 Еngineering Group Со., Ltd» қытай компанияларының құрамындағы консорциум одам «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын өнім беруші болып айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Әлиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.